Ғылым • 04 Маусым, 2024

Тіл сайысында топ жарды

106 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Астанадағы Назарбаев университетінде жоғары оқу орын­да­рының студенттері АҚШ-тан келген оқытушыларымен бірге пікірсайысқа қатысты. Жыл сайын өткізілетін жо­ба­­ның мақсаты – тіл үйренудегі тың тәсілдерді тәжі­ри­бе ар­қылы көрсетіп, екі ел арасындағы өзара біліммен алмасу.

Тіл сайысында топ жарды

Бұл іс-шара 2018 жылы Қа­зақ­­стан Үкіметі бастаған үш тілді білім беру бастама­сына қолдау көрсетуге бағытталған. Кейінгі жыл­дары АҚШ дипломатиялық өкіл­дігі ағылшын тіліндегі бағ­дар­­­­ламалардың кең ауқымын ұсы­­­нып келеді. Соның ішінде «Fulbright» бағдарламасы жеміс­ті жұ­­­­мыс істеп жатыр. Мәселен, биыл­­­ғы оқу жылында да елі­­­міз­­­дің­ университеттерін­де ­ағыл­­­­­­­­­­­шын тілін оқытатын «15 Fulbright ETA» мен «7 ELF»­ жоба­сына қа­тысқан сту­­­­денттердің қа­та­ры көп. Жо­ға­ры оқу орын­да­­­рын­да­ғы сту­дент­терге ағыл­шын ті­лін оқы­ту мен дамытуға тіке­­­лей үлес қосуды көздейтін жо­ба­ға биыл аме­ри­калық 22 оқы­­­­ту­шы­ қатысқан. Олар сту­дент­тер­ге тіл үйретіп қана қой­май, елі­міз­де бір жылға жуық уа­қытта жер­гілікті халық­тың тұр­мыс-тір­ші­лі­гімен таны­суға мүм­кіндік алды.

Өткен аптада осы бағдар­ла­­маға қатысқан 80 студент пен оқытушы АҚШ елшілігі ұйым­дастырған үш күндік жарыста бақ сынады. Пікірталас жеке, кәсіби және жаһандық мәсе­лелер тақырыптарын қам­ты­ды. Олардың дебаттық жарысына Қазақстандағы АҚШ елшісі Дэниел Розенблюм төрелік етіп, жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне қатысты.

«Пікірталасқа елдің түкпір-түкпіріндегі 19 университеттің студенті қатысып жатыр. Олар берілген тақырып бойынша­ жос­пар құрып, ағылшын тілінде ой-пікірін еркін әрі нақты дәлелмен жеткізе білуге тиіс. Сондай-ақ айтылып отыр­ған тақырыпқа қатысты бір-бірін толықтыру тапсырылды. Айта кету керек, бұл бағдарлама ор­та мектептерде де жұмыс істеді. Америкалық оқытушылар он ай бойы осы елге келіп, оқушылар мен студенттерге, мұғалімдерге ағылшын тілінен сабақ берді», дейді елші. Оның айтуынша, бағ­дарлама алдағы уақытта да жал­­ғасады. Сондай-ақ жоба қаты­­сушылары арасындағы бай­қау­дың қорытындысын шығару үшін пікірсайысты тұрақты өткізу де көз­деліп отыр. Бұл жолғы жарыс­та Қожа Ахмет Ясауи атын­да­ғы Халық­аралық қазақ-түрік уни­вер­си­тетінің студенттері топ жарды.