Ауа райы • 03 Маусым, 2024

Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа-райы болжамын ұсынды

56 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК синоптиктері еліміздің үш ірі қаласы - Астана, Алматы мен Шымкентте ауа райы қандай болатынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа-райы болжамын ұсынды

Фото: Владислав Воднев

Мамандар 2024 жылдың 4 маусымы мен 6 маусымы аралығындағы ауа райының толық болжамын бөлісті.

Астана:

4 маусым – көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Түнде оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 2-7, күндіз 9-14 м/с болады. Ауа температурасы түнде +10+12, күндіз +24+26°С;

5 маусым – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде +11+13, күндіз +26+28°С;

6 маусым – көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады, күн күркірейді. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +13+15, күндіз +25+27°С.

Алматы:

4 маусым – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде +12+14, күндіз +26+28°C;

5 маусым – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде +12+14, күндіз +27+29°С;

6 маусым – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +14+16, күндіз +30+32°С.

Шымкент:

4 маусым – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +15+17, күндіз +30+32°С;

5 маусым – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +15+17, күндіз +32+34°C;

6 маусым – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +16+18, күндіз +35+37°С.