Бокс • 03 Маусым, 2024

Париж - 2024: Бокстан Қазақстан, Өзбекстан ерлер командасы ғана толық құрамда барады

32 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бангкокта бокстан екінші әлемдік лицензиялық турнир өз мәресіне жетті. Бұл Париж Олимпиадасына жолдама берілетін соңғы жарыс болды. Турнир нәтижесінде төртжылдықтың басты бәсекесінде бақ сынайтын былғары қолғап шеберлері анықталды, деп жазады Egemen.kz.

Париж - 2024: Бокстан Қазақстан, Өзбекстан ерлер командасы ғана толық құрамда барады

Фото: bassport.kz

Париж рингінде жалпы саны 240 боксшы жүлдеге таласады. Париж Олимпиадасына қатысатын елдер арасында Аустралия 12 боксшымен көш бастап тұр. Бұл құрамада 92 келіде ерлер командасы жолдама иелене алмады. 

Одан кейінгі сатыда 11 боксшымен Өзбекстан құрамасы тұр. Көрші елдің әйелдер құрамасы 60, 75 келіде жолдама жолында жеңіс тұғырынан көріне алмады. Ал ерлер құрамасы Бангкоктағы бәсекеге дейін жасақталған.

Ал үшінші орында 10 боксшы Париж төрінде жеңіс тұғырынан көрінуге үмітті Қазақстан, Бразилия, Ирландия елінің құрамалары.

Айта кетейік, Қазақстан ерлер құрамасы олимпиадалық барлық салмақта жолдаманы қоржынға салды, тек әйелдер құрамасынан 50, 60, 66 келіде жұдырықтасқан бұрымды боксшылар лицензияға қол жеткізе алмады.