Оқиға • 03 Маусым, 2024

Анасы күдікке ілінді: Абай облысында жоғалған әйелдің өлімі туралы тың дерек шықты

89 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Абай облысында таксиге мінгеннен кейін ұшты -күйлі жоғалған қыздың мәйіті табылды, деп жазады Egemen.kz

Анасы күдікке ілінді: Абай облысында жоғалған әйелдің өлімі туралы тың дерек шықты

Фото: sn.kz

Бұған дейін 30 жастағы Динара Досымбекованың Семейге барар жолда таксиге мініп, хабарсыз кеткені мәлім болған еді. 

Бүгін қызды іздеу шарасына қатысқан volontery_semey_lider.kz белсенділері оның мәйіті табылғанын хабарлады.

2 маусым күні анасы қызының жоғалғаны туралы полицияға арыз жазған. 

Алайда полицейлер жүргізген тексеру нәтижесінде, анасы кісі өлімі дерегі бойынша күдікке ілікті.

«30 жастағы қыздың жоғалуы бойынша мән-жай анықталды. Кісі өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті әйел қамауға алынды. Тергеу шаралары жүргізіліп, тиісті сараптамалар тағайындалды», делінген Абай облысы полиция басқармасының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Соңғы жаңалықтар

Кітап. Қоғам. Кітапхана

Мәдениет • Бүгін, 08:41

Жұмыла көтерген жүк жеңіл

Қоғам • Бүгін, 08:38

Менің Түгіскенім

Тарих • Бүгін, 08:36

Ақ Олимпиадалар қайда өтеді?

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 08:32