Қоғам • 03 Маусым, 2024

Шетелден әкелінген 60 тонна қызанақ өнімі кері қайтарылды

58 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитеті шетелден әкелінген 60 тонна қызанақ кері қайтарылғанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Шетелден әкелінген 60 тонна қызанақ өнімі кері қайтарылды

Фото: freepik

Биыл шет мемлекеттерден жалпы 1075 автокөлікке тиелген 15637,802 тонна қызанақ өнімі импортталып, оның ішінде, 29,522 тонна қызанақ өнімдері кері қайтарылған. Олардың фитосанитариялық талапқа (фитосанитариялық сертификаттың болмауы, таңбаның болмауы) сай келмейтіні анықталды. 

Ал Түркіменстан (56,1 тонна) мен Өзбекстаннан (4,2 тонна) әкелінген қызанақ өнімдерінен «қызанақ жемісінің қоңыр қатпарлы вирусы» анықталды. 

Нәтижесінде өнімдерді елге кіргізуге тыйым салынып, кері қайтарылды.