Қоғам • 31 Мамыр, 2024

Ертең Алматы әуежайының жаңа терминалы алғашқы рейстерді қабылдайды

125 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы халықаралық әуежайының Корпоративтік коммуникациялар департаменті жаңа терминал ертең іске қосылатынын хабарлады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ертең Алматы әуежайының жаңа терминалы алғашқы рейстерді қабылдайды

Фото: Ақорда

«Жаңа халықаралық терминалды іске қосудың бастапқы мерзімі 2024 жылы жаздың соңына жоспарланған болатын. Бірақ жолаушылар ағыны тез өсуіне байланысты және жолаушыларға барынша жайлы болуы үшін барлық жұмыстар жеделдетілді. Жаңа терминал алғашқы рейстерді 1 маусым күні қабылдайды», делінген хабарламада.

Сондай-ақ департамент мәліметіне сәйкес, 2024 жылдың алғашқы 4 айында әуежай 3,3 миллион жолаушыға қызмет көрсеткен.