Бокс • 29 Мамыр, 2024

Олимпиадаға жолдама: Римма Волосенко үндістандыққа есе жіберді

73 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Бангкок рингіне көтерілген екінші боксшымыз Римма Волосенко да жеңіліс тапты, деп жазады Egemen.kz.

Олимпиадаға жолдама: Римма Волосенко үндістандыққа есе жіберді

Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Ол 60 келіде үндістандық Анкушита Бороға қарсы қолғап түйістірді.

Тартысты өткен бәсекеде Римма Волосенко барын салғанмен, Анкушита Боро басым болды. 

Осылайша бокстан Париж олимпиадасының жолдамасы үшін Бангкокқа жол тартқан қыздар құрамысының 3 өкілі маңызды мүмкіндікті мүлт жіберді. 

Бұған дейін 54 келіде Ұлжан Сәрсенбек бірінші айналымда америкалық Шэра Мэй Патрициодан аса алмаса, 66 келіде Наталья Богданова  сербия боксшысы Кристина Кулуховадан жеңілді.

ыы

пп