Білім • 29 Мамыр, 2024

IQanat қамқорлығындағы ауыл балалары әйгілі «Каникулы OFF-line» франшизасының жұлдыздарына айналады

121 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Әйгілі «Каникулы OFF-line» франшизасының авторлары ең жақсы қазақстандық мектептердің бірі – IQanat мектебін бітіргеннен кейін өмірі күрт өзгеретін ауыл оқушысы туралы сериал түсіруді бастады, деп жазады Egemen.kz.

IQanat қамқорлығындағы ауыл балалары әйгілі «Каникулы OFF-line» франшизасының жұлдыздарына айналады

Сериал IQanat республикалық олимпиадасында жеңіске жеткеннен кейін тағдыры өзгерген оқушы Айбол жайлы болады. Сериалдың атауы - «IQanat OFF-Line».

Продюсерлер барлық көрерменге франшиза бастау алған түпнұсқа фильмдердегі жарқын сезімдерді сыйлауды уәде етеді – риясыз күлкі, отбасы болып тамашалаудың ләззаты, сондай-ақ жасөспірімдер бәрі бірдей бастан кешетін ұқсас қуаныштар мен қиындықтар.

Жобаның режиссері - «Айман мен Шолпан», «Аңшы бала», «Көзіме қара», «Жаңғақ ағашы» туындыларымен танымал, Пусан кинофестивалінің бас жүлдесін алған Ерлан Нұрмұхамбетов.

Сериалдың бас продюсері - IQanat жобасының қамқоршысы Ернар Құрмашев. Телехикаяның премьерасы, отандық телеарналардың бірінде, 2024 жылдың қыркүйегіне жоспарланған.

Кино

Сериалдың бас продюсері - IQanat жобасының қамқоршысы Ернар Құрмашев:

«Сериал арқылы қалың көрермен ауыл оқушыларының тағдырын өзгерте алатын IQanat бірегей жобасымен жақсырақ танысқанын қалаймын. Ауыл оқушылары мен қала оқушылары арасындағы бастапқыда берілетін мүмкіндіктер тең емес екенін баршамыз білеміз. Көбінесе ауыл оқушыларын сәл демеп жіберіп, олардың бойына өздеріне сенім ұялату керек. IQanat - қазақстандық кәсіпкерлердің жобасы. Бұл еліміздің ауыл оқушыларына қолдау көрсету, оларға білім беруде жаңа мүмкіндіктерге жол ашу сияқты ортақ бір мұратқа біріккен ниеттестердің үлкен және берік елдік күші. Мен де олардың қатарына қосылып, сериал идеясын ұсындым. Себебі барынша көп ауыл балалары, олардың отбасылары осындай маңызды жоба туралы білуге тиіс».

Кино

Телехикаяның премьерасы, отандық телеарналардың бірінде, 2024 жылдың қыркүйегіне жоспарланған.
Еске сала кетсек, IQanat – білім берудегі теңсіздікпен күресу идеясы төңірегінде біріккен 150-ден астам қазақстандық кәсіпкер қолдау көрсететін әлеуметтік және білім беру жобасы. IQanat бағдарламалары 55 мыңнан астам ауыл баласын қамтып үлгерсе, олардың 70-80%-ы көпбалалы және толық емес отбасылардан шыққан. Осының арқасында балалардың 90%-ға дейіні Қазақстанның және шетелдің үздік университеттеріне грант арқылы түсті. Қазіргі таңда жоба түлектері әлемнің 15 елінде білім алуда.

Кино