Ауа райы • 29 Мамыр, 2024

Бүгінгі ауа райы болжамы қандай?

32 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК 29 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгінгі ауа райы болжамы қандай?

фото: unsplash

Синоптиктердің болжауынша, ауқымды антициклон еліміздің батыс және оңтүстік облыстарына өз әсерін тигізіп, жауын-шашынсыз күн райын әкеледі.

Республиканың қалған бөлігінде циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің ықпалы жалғасады, оған сәйкес Алматы облысының таулы аймақтарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, түнде еліміздің шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

Республика бойынша жел күшейеді, солтүстікте және солтүстік-батыста бұршақ жауады, батыста және оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады, түнде және таңертең шығыста тұман күтіледі.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, батысында, шығысында, Абай облысының орталығында, Ақтөбе облысының солтүстігінде 2-3 градус үсік жүреді. Қостанайдың оңтүстігінде, Атыраудың солтүстігінде, Қызылорданың шығысында, батысында, оңтүстік-батысында, Батыс Қазақстан облыстарының орталығында, Жетісу облысының шығысында, батысында және Жамбыл облысының шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Түркістан облысының шөлді аймақтарында Батыс Қазақстан облыстарында (Жәнібек ауданының батыс бөлігінде), Атырау облысының батысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.