Спорт • 26 Мамыр, 2024

Нұрдос Сабыр ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды

135 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан командасының өкілі Нұрдос Сабыр ауыр атлетикадан Лимада (Перу) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Нұрдос Сабыр ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды

Фото: Olympic.kz

Нұрдос 89 келіге дейінгі салмақта үздік атанды. Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 333 (148+185) келіні еңсерген.

Күміс медальді Валерик Мовсесян (Армения), қоланы Бекзод Гофиржанов иеленген.

Айта кетелік, былтырғы әлем біріншілігінде Нұрдос Сабыр екінші орынға тұрақтаған еді.

Бұған дейін Перудегі әлем чемпионатында Ақжол Құрманбек 67 келіге дейінгі салмақта күміс медаль алған.

Соңғы жаңалықтар

Күзгі қомырған

Мирас • Кеше

Иткөйлек

Оқиға • Кеше

«Хат қоржын»

Егемен Қазақстан • Кеше

Жастар белсенділік танытты

«Таза Қазақстан» • Кеше