Бокс • 25 Мамыр, 2024

Олимпиадаға жолдама: Назым Қызайбай бірінші жекпе-жегін мерзімінен бұрын аяқтады

443 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан боксшылары жеребе бойынша Таиландтағы лицензиялық турнирді бүгін бастады. Команда құрамынан алғаш болып, Назым Қызайбай шаршы алаңғы шықты, деп жазады Egemen.kz.

Олимпиадаға жолдама: Назым Қызайбай бірінші жекпе-жегін мерзімінен бұрын аяқтады

Фото: Туризм және спорт министрлігі

50 келі салмақ дәрежесінің алғашқы айналымында Назым словакиялық Николь Дуриковамен кездесті.

Отандасымыз Словакия чемпионы, U22 Еуропа чемпионатының күміс және қола жүлдегері  Николь Дурикованы екінші раундта мерзімінен бұрын жеңді. 

Словакиялық спортшы бір раундта екі рет нокдаун алып, рингтегі төреші жекпе-жекті тоқтату туралы шешім қабылдады. 

«Бұл әлі қуанатын жағдай емес. Бірінші кездесу болғандықтан алғашқы раундта қарсыласты зерттеп, күшті екінші раундқа салдым»,  деді Назым Қызайбай Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

Осылайша Назым Қызайбай Париж жолдамасы үшін күресін әрі қарай жалғастырады.