Елорда • 24 Мамыр, 2024

Астанадағы апатты үйдің тұрғындары жаңа баспанаға көшіріледі

48 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Байқоңыр ауданы әкімдігі мен кәсіпкерлер тұрғындармен кездесті. Жиында Байқоңыр ауданында орналасқан апатты үй иелерін жаңа баспанаға көшіру, аумақты реновациялау мәселесі талқыланды, деп жазады Egemen.kz.

Астанадағы апатты үйдің тұрғындары жаңа баспанаға көшіріледі

Фото: baq.kz

Әкімдік мәліметінше, аталған аудандағы  240 гектар реновациядан өтеді. Жаңарту бағдарламасы шеңберінде  2024 жылы 60 апатты үйдің (шамамен 4200 адам) тұрғындарын 1400 жаңа пәтерге көшіру жоспарланған.

Ауқымды құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін BI-Group, «Мой дом» және Galamart сынды ірі компаниялар тартылады.

Тұрғындар келісімі негізінде Егемен Қазақстан мен Кенесары, Иманов пен Бейсекбаев, Таха Хусейн мен Тәшенев көшелерінің қиылысында жұмыстар басталды.

«Ескі тұрғын үй мәселесін шешуде кәсіпкерлердің әлеуетін жұмылдыру және жеке құрылыс салушылардың инвестициялық белсенділігін ынталандыру қажет. Осылайша, апатты және тозығы жеткен тұрғын үй мәселелері бірлескен күш-жігермен шешіледі. Нәтижесінде қаланың орталық бөлігімен бірге оның шеті де дамиды, тиісінше қаланың ескі бөлігінің келбеті де өзгереді», деді Байқоңыр ауданының әкімі Талғат Рахманберді.

зз

Жаңарту жұмыстары тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.

Жергілікті тұрғындармен кездесуде «Мой дом» компаниясының өкілі Айбек Есеев олардың апаттық мүлкін тиісті заңнаманы басшылыққа ала отырып бағалаудан кейін, өзара келісім бойынша сатып алуға дайын екенін атап өтті.

Астананың тұрғын үй қорын жаңғырту мен реновацияның 2028 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы аясында Байқоңыр ауданындағы Асан Қайғы көшесінде алты жолақты жол салынады. Бұл жол Амман көшесінен Таха Хусейн көшесі арқылы Алаш тас жолына дейін созылады. Жоғарыда аталған инвесторлардың көмегімен оң және сол жағалауды тікелей байланыстырылады.

хх