Тағзым • 24 Мамыр, 2024

Батыр мерейтойына арналған басқосу

47 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы, еліміздің тұңғыш Қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжде батырдың ғасырлық мерей­тойына орай конференция өтті.

Батыр мерейтойына арналған басқосу

Іс-шараға «Tayelsiz Qazaq­stannyn Halyq Batyrlary» РҚБ басшысы, Халық қаһарманы, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев, «Қарулы күштер ардагерлері» РҚБ төрағасының орынбасары, генерал-майор Марат Нағұманов, Қорғаныс министрлігі Әскери білім және ғылым департаменті басшысының орынбасары, полковник Амангелді Тоғысов, Ұлттық қорғаныс университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, М.Жұма­баев атындағы Халықаралық колледж­дің оқытушылары, әскери оқу орнының кадеттері мен ұландары қатысты.

Іс-шара әскери колледж ­ау­ма­­­­­­­ғында орналасқан Сағадат Нұр­­­ма­­ғамбетовтің бюстіне гүл шоқ­тарын қоюдан басталды. Салтанатты рәсімге қатысушылар батырды бір минут үнсіз тұрып, еске алды.

Қарулы күштердің Мемле­кет­тік әскери-тарихи музейінің қолдауымен колледжде батыр­дың өмірбаянының кезеңдерін бейнелейтін фотокөрме, әйгілі генералға арналған мұражай экспозициясы ашылды. Онда ­генерал формасы, кителі, Екінші дүниежүзілік соғыста пайда­ланған командирлік сөмкесі мен картасы, Сағадат Нұрма­ғам­бе­товтің бейнесі тоқылған кілем ілінген.

Жиынға қатысушыларға ар­­нап Қарулы күштердің ар­­да­­герлері Бақытжан Ертаев пен Марат Нағұманов құттық­тау сөз сөйледі. Конферен­ция­да Ұлттық қорғаныс уни­вер­­ситетінің аға оқытушысы, полковник Асқар Макипов, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің әскери кафедрасының оқытушысы, полковник Атығай Балғабеков, М.Жұмабаев атындағы Халық­аралық колледжінің оқыту­шы­­лары, подполковник Ерлан Серікбаев пен капитан Серік Сүлейменов баяндама жасады.

Жиын барысында сөз сөй­ле­­гендер Сағадат Нұрмағам­бе­товтің өмірі мен жауынгерлік жолының жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу ісіндегі маңызын атап өтті. Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрінің есімімен аталатын әскери колледж тәрбиеленушілері Сағадат Қожахметұлының өмірбая­нын жақсы білетінін айта кеткен жөн. Батырдың құрме­тіне оқу орнының хоры «Сағадат» әнін, Отан қорғаушыларға арнап бас­қа да шығармалар орындады. Ал жас ұлан Әмзе­хан Сәтжан Ха­лық қаһарма­ны Сағадат Нұр­ма­ғамбетов туралы шығарған өлеңін оқып берді.