Ауа райы • 23 Мамыр, 2024

Найзағай, жаңбыр, жел: Ертең ауа райы қандай болады?

116 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктердің болжамынша, елімізде тұрақсыз ауа райы әлі де сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz

Найзағай, жаңбыр, жел: Ертең ауа райы қандай болады?

Фото: Pexels

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 24 мамырда еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады, екпінді жел соғады.

«Солтүстікте - қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), солтүстік-батыста, оңтүстікте - қатты жаңбыр, республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, шығысында бұршақ жаууы мүмкін. Елдің оңтүстік-батысында екпінді жел күтіледі, шығыста, солтүстікте, орталықта тұман түседі», делінген хабарламада.

Болжам бойынша, Солтүстік Қазақстанның солтүстігінде, Ақтөбе, Қостанай облыстарының солтүстік-батысында түнде -1-3°С аяз болады.

Синоптиктер Қостанайдың оңтүстігінде, Атыраудың солтүстік-батысында, Қызылорданың шығысында, батысында, Батыс Қазақстанның оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында, шығысының оңтүстік-шығысында, Қазақстан, Абай облыстарының орталығында жоғары өрт қаупі сақталатынын қоса хабарлады. 

«Абай облысының оңтүстігінде, Түркістан облыстарының шөлді аймақтарында, Жетісу облысының шығысында өте жоғары өрт қаупі сақталады», деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.