Аймақтар • 23 Мамыр, 2024

Талғар өзенінде су деңгейі көтеріліп, жолды шайып кетті

63 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысы  Еңбекшіқазақ ауданы Ават ауылдық округі аумағында Талғар өзенінде су деңгейі күрт көтеріліп, салдарынан балама жол шайылып кетті, деп жазады Egemen.kz Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Талғар өзенінде су деңгейі көтеріліп, жолды шайып кетті

Фото: enbekshikazakh_avat_akimdigi

«Қазіргі уақытта күн жаңбырлы болып, таудағы қар ерігендіктен, Талғар өзенінің суы күрт көтерілді. Осыған байланысты Ават ауылдық округіне қарасты көпір (Приканальная БАК) визуалды тексеру кезінде көпірге жақындаған жерлердегі жағалаудың шөгуі, сондай-ақ беткейлердегі топырақтың шайылып кеткені көпірді аппаттық жағдайға әкелуі мүмкін», делінген әкімдік хабарламасында.

Құзырлы орган көпірдің көлік қатынасына жарамдылығын анықтау мақсатында сараптама тағайындаған.

Осыған байланысты көпірдегі көлік қозғалысы шектелді.

Ал айналма Құлжа тасжолы мен Талғар-Есік-Бәйдібек би бағытындағы трассалар толыққанды ашық.
Қазіргі уақытта өзен арнасын тереңдету және нығайту жұмыстары жалғасып жатыр.
Ават ауылдық округі әкімінің аппараты тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырып, су деңгейін бақылауға алды.