Үкімет • 23 Мамыр, 2024

Қазақстанда оқушы қыздарға жаңа вакцина салынады

45 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцина сатып алуға және елде аталған екпе жұмысын жүргізуге резервтен қаржы бөлді, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстанда оқушы қыздарға жаңа вакцина салынады

Фото: qazdauiri.kz

Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың бюджеттеріне 351 мыңнан астам дозасы мөлшерінде вакцина сатып алу үшін  9,7 млрд теңгеден астам қаражат аударылады.

Адам папилломасы вирусынан туындаған жатыр мойны обыры (ЖМО) – әлемдегі ең көп таралған қатерлі ісіктердің бірі. Аталған вирус анықталған барлық жағдайдың құрылымында 13,1%-ға дейін кездеседі. Жыл сайын одан 300 мыңға жуық әйел көз жұмады.

Қазақстанда жатыр мойны обыры барлық жастағы әйелдер арасында қатерлі ісіктің басқа түрлері ішінде таралуы бойынша екінші орында тұр.

Ал жыл сайын республика бойынша 1900-ге жуық жаңа жағдай тіркеледі, 600-ден астам әйел осы патологиядан қайтыс болады.

«АПВ-на қарсы және ЖМО дамуымен күресудің жалғыз әдісі – вакцинация. Ұлттық вакцинация күнтізбесіне сәйкес және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұсынымын ескере отырып, АПВ-ға қарсы екпе салу 11 жастағы қыздарға 6 ай аралық мерзіммен екі рет жүргізілетін болады. Бұл ретте Қазақстанда АПВ-ның неғұрлым онкогенді түрлерінен (6, 11, 16, 18) қорғайтын төрт валентті вакцина қолданылады», делінген Үкімет хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар

Күзгі қомырған

Мирас • Кеше

Иткөйлек

Оқиға • Кеше

«Хат қоржын»

Егемен Қазақстан • Кеше

Жастар белсенділік танытты

«Таза Қазақстан» • Кеше