Қоғам • 23 Мамыр, 2024

Медицина маманы болып хабарласады: полиция алаяқтықтың жаңа түрі шыққанын ескертті

71 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Полиция алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Медицина маманы болып хабарласады: полиция алаяқтықтың жаңа түрі шыққанын ескертті

Соңғы уақытта қаскөйлер өздерін медицина мамандары ретінде таныстырып, WhatsApp-қа қоңырау шалып немесе хабарлама жазып жатыр. Сізге диспансерлеу, флюорографиядан өту ұсынылады.

«Ыңғайлы күнді таңдап, тіркелу үшін SMS-арқылы келген сандарды айтуды сұрайды. Ешқандай жағдайда кодты айтпаңыз! Алаяқтар сіздің жеке кабинеттеріңізге қашықтан кіріп, дербес деректерді иемдену арқылы несие рәсімдей алады. Бұлар бұрын банктің қауіпсіздік қызметкерлері немесе полиция қызметкерлері болып хабарласқан алаяқтар. Осы туралы жақындарыңызға, әсіресе, егде жастағы адамдарға айтыңыз», - деді ІІМ баспасөз қызметінен.