Елорда • 22 Мамыр, 2024

Астанада 5 жасар баланы құтқарып қалған оқушы марапатталды

405 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде №31 мектеп-гимназиясының 7Д сынып оқушысы Ақан Әкімжанов 5 жасар баланы биіктен құлаудан сақтап қалды, деп жазады Egemen.kz.

Астанада 5 жасар баланы құтқарып қалған оқушы марапатталды

Фото: Астана қаласы әкімдігінің сайты

20 мамыр күні батыл оқушы 4-қабаттың балкон қоршауына ілініп тұрған баланы құтқарып қалды.

Аулада ойнап жүрген Ақанға қауіпті көріністі қасындағы жасы кіші балалар айтқан.

Ол бірден кіреберіске жүгіріп барып, 4-қабатқа жетіп, бес жасар баланы аман алып қалды.

Астана қаласы әкімдігінің сайты бүгін Ақан Әкімжановтың марапатталғанын хабарлады.