Аймақтар • 21 Мамыр, 2024

45 мың оқушы лагерьде демалады

68 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Түркістан облысында жалпы 1 052 мектепте 518 733 оқушы білім алады. Биыл мектеп бітіретін 32 306 оқушының 27 340-ы ҰБТ-ға қатысады. Түлектердің 1 727-сі «Алтын белгіге» үміткер болса, 2 466 оқушы «Үздік аттестат» иегері атанбақ.

45 мың оқушы лагерьде демалады

32 мыңнан астам түлек өздері таңдаған мамандықты меңгеру мақсатында білімін жалғастырады. Әрбір жастың таңдаған мамандығын жан-жақты зерттеп, ата-анасымен кеңесе шешім қабылдағаны анық. Осы орайда бүгінде облыс көлемін­де 245 бейінді дәрігерге тапшылық бар екенін айта кетелік. Оның 100-ге жуығы құрылысы аяқталуға жақын 570 төсек-орындық облыстық көп­бейінді ауруханаға қажет. Әсі­ресе анестезиолог-реаниматолог, нео­­­на­толог, акушер-гинеколог, ангиохирург, онколог, патологоанатом, радиолог, травматолог, реабилитолог, эндокринолог, дермотолог, ЧЛХ, гематолог, гастроэнтеролог, тағы басқа да мамандарға сұраныс бар. Облыс аумағындағы дәрігерлерге деген тапшылықты жою мақсатында бірқатар жоба жүзеге асырылып та келеді. Өткен жылы 43 дәрігер шетелде біліктілігін арттырды. Өңірдегі тапшы мамандықтағы дәрігерлерді тарту мақсатында жергілікті бюджет қаражаты есебінен резидентурада медициналық кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысына жыл са­йын грант бөлініп отыр. Былтыр 60 грант бөлініп, 40 үміткер өтінім білдірген. Қазіргі таңда 37 үміткер медицина саласы бойынша білімін жетілдіріп жатыр. Биыл жергілікті бюджет қаражаты есебінен резидентурада медициналық кадр­ларды даярлауға 139 грант бөлу жоспарланған.

Жазғы демалысқа шығатын оқу­шылардың уақытты тиімді пайдалануына да мүмкіндік жасалмақ. Биыл облыста 45 мыңнан астам оқушы бюджет есебінен жазғы сауықтыру лагерінде демалады. Жалпы, жаз мезгілінде облыс бо­­­­йын­ша 22 сауықтыру лагері қызмет көр­сетеді. Оның 7-еуі мемлекеттік болса, 15-і – жекеменшік. Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру­да арнайы дайындықтан өткен 14 444 педагог жұмыс істейді. Түркістан облысы білім басқармасы басшы­сының міндетін атқарушы Жандос Маханбетовтің айтуына қараған­да, 20 мыңнан астам бала ата-аналар есебінен ақылы демалады.


Ал «Қазақстан халқына» қоры есе­бі­нен облыстағы 3 421 оқушы Түлкібас, Төлеби аудандарының лагерьлерінде жазғы уақыттарын өткізеді. Жазғы сауықтыру лагерь­леріне жоғары оқу орындары мен жастар орталықтарынан 95 ерікті, облыстық колледждерден 80 студент өндірістік тәжірибеге тартылады. Сонымен қатар мектептер жанынан ұйымдастырылатын лагерьлерде жергілікті бюджет есебінен 10 000 оқушы жазғы демалыста болады. Жазғы маусым кезінде барлық мектепте спорт­тық командалар жасақталып, жарыстар, спартакиадалар, үйірме жұмыстары, сондай-ақ Түркістан, Отырар, Сайрам, Бәйдібек өңірлеріне сая­хат ұйымдастырылмақ.

 

Түркістан облысы 

Соңғы жаңалықтар

Кітап. Қоғам. Кітапхана

Мәдениет • Бүгін, 08:41

Жұмыла көтерген жүк жеңіл

Қоғам • Бүгін, 08:38

Менің Түгіскенім

Тарих • Бүгін, 08:36

Ақ Олимпиадалар қайда өтеді?

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 08:32