Таяуда Катонқарағай ауданындағы Белқарағай ауылдық округінің әкімі Дәурен Қалибеков хабарласып, Алтайдағы ұлттық табиғи парк қызметкерлерінің қар барысын суретке түсіріп алғаны жөнінде айтты. Көзге көп шалына бермейтін бекзат аңның бейнесі суретке тартылғанын естіп, қуанып қалдық. Оқырманның есінде болса, былтыр газетімізде «Қар барысы. Алтайда қаншасы қалды?» атты мақала жариялағанбыз («ЕҚ», 26 ақпан, 2014 жыл). Сол материалды жазу барысында Алтайда қар барысын көргендер болмаса, суретке түсіргені туралы деректің болмағанын байқаған едік. Яғни, Алтайдағы қар барысының суреті – ұзақ жылдар бойы таудың құз-жартастарына, қия-беткейіне құрылып жүрген фототұзақтардың алғашқы нәтижесі. Бұл – Алтайдың асқарында болмысы бөлек, текті аңның әлі де бар екенін дәлелдеген айғақты фотосурет болып отыр.
Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің жануарларды қорғау және өндіру бөлімінің бастығы Ерік Қасымовқа қоңырау шалғанымызда, ол қар барысының Аршаты ауылының маңайындағы Қоралы деген жерге құрылған фототұзақтың объективіне ілінгенін жеткізді. Оған дейін өткен жылдың 30 қарашасында кезекті бақылау жұмыстары кезінде Аршаты орманшылығына қарасты «Босаға» учаскесінде орманшы Ә.Қасымханов, орманшының көмекшісі Ж.Аманбаев, инспектор М.Омаров, парктің Ақсу филиалының директоры А.Кертешев және орман қорғау инженері Б.Әбиев 900 метрге жуық жерде кетіп бара жатқан қар барысын көріп, суретке түсіріп алған екен. Алайда, алыстан түсіргендіктен қар барысының таспадағы суреті бұлдырлап, анық көрінбеген. Тек көздері ғана шоқ болып жанып тұр. Осыдан кейін парк қызметкерлері қар барысы көрінген тұсқа бірнеше фототұзақтар қойған.
– Шынын айтқанда, көңілде бір үміт, бір күдік пайда болды. Дегенмен, төккен теріміз, атқарған жұмысымыз еш болған жоқ. 2014 жылдың 11 желтоқсанында қар барысы алғаш рет фототұзаққа түсті. Біздің ұлттық парк қызметкерлері үшін бұл үлкен қуаныш, жоғары жетістік. Осы орайда саяткер-биолог А.Мүбәраков, аға ғылыми қызметкер А.Челышев, Аршаты орманшылығының орманшысы Ә.Қасымханов, орманшының көмекшісі Ж.Аманбаев және инспекторлар М.Омаров пен Н.Бадисолтановтың еңбектерін ерекше атап өтуге болады. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастырамыз, – деді Е.Қасымов.
Саяткер-биолог Нұрлан Қарабаевтың айтуынша, қазіргі кезде ұлттық паркте 50-ге жуық фототұзақ бар. Ал қар барысын фототұзақ небәрі 6 метр жерден екі мәрте түсіріп алған екен.
– Фототұзақ құралдары орнатылған уақыттан бастап Алтайда мекендейтін әртүрлі аң-құстар түсірілді. Олардың ішінде күдір, ұлар, суыр, таутеке, қасқыр, марал, аю, қоян, сілеусін, бұлғын, түлкі сынды аңдар бар. Ал осы жолы алғаш рет қар барысы фотообъективке ілінді. Оның алдында 4-5 таутеке, күдір жүріп өткен екен. Соған қарағанда, барыс аңның ізін бағып келе жатқан болуы мүмкін, – деді Н.Қарабаев.
Думан АНАШ,
«Егемен Қазақстан».
Шығыс Қазақстан облысы,
Катонқарағай ауданы.

Imam AI: Енді жасанды интеллект діни сұрақтарға жауап береді
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:05
Тоқаев Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухты «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
Президент • Бүгін, 16:44
Моңғолияға көлікпен бару мүмкін болмақ: Президенттер төте жол салуға уағдаласты
Президент • Бүгін, 16:38
Қазақстан Моңғолияға ғарыштан бақылау жүйесін құруға көмектеседі
Президент • Бүгін, 16:29
Мұғалімдерге ерекше балалармен жұмыс істеуді үйрететін арнайы курстар енгізілмек
Қоғам • Бүгін, 16:20
Астанада тәулігіне 1,5 мың тонна қалдық өңдейтін экопарк бой көтереді
Экология • Бүгін, 16:08
Баян-Өлгей аймағында Қазақстанның консулдық мекемесі ашылады
Президент • Бүгін, 16:05
Әлеуметтік дертке тосқауыл бола ма?
Мәселе • Бүгін, 16:00
Кореяда заңды жұмыс істеу: Министр келіссөздердің неге кешеуілдегенін түсіндірді
Еңбек • Бүгін, 15:57
Делиберациялы демократия – дамудың бір даңғылы
Саясат • Бүгін, 15:53
Қазақстан мен Моңғолия арасында 13 құжатқа қол қойылды
Президент • Бүгін, 15:33
Тәжікстан президенті Астанаға жұмыс сапарымен келді
Президент • Бүгін, 15:27
Астана қаласының әкімі LRT-ның қашан іске қосылатынын айтты
Елорда • Бүгін, 15:18
200-ге жуық самокат пайдаланушысы жауапқа тартылды: Полиция бақылауды күшейтті
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 14:58