Фото: nege.kz
Әбдірәсілов хабарлағандай, бүгін Қазақстанның 14 облысында 2024 жылғы негізгі ҰБТ басталды, ол 5 шілдеге дейін жалғасады.
«Биыл біз талапкерлерге негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсырып, гранттық конкурсқа қатысуға мүмкіндік беріп жатырмыз, оның ішінде екі талпынысты есепке алғанда 181 мың талапкер тестілеуге қатысуға ниет білдірді, 330 мыңға жуық өтініш түсті. Қазір өткен жылмен салыстырғанда тест тапсырушылардың саны 19 мыңға артты», деді Әбдірәсілов Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде.
Оның айтуынша, талапкерлердің 75 пайызы емтихан тапсыру үшін қазақ тілін таңдаған, қалған 25 пайызға жуығы орыс тілін таңдаса, 221 адам ағылшын тілін таңдаған.