Суретті түсірген – Валерий Бугаев
Облыс орталығындағы жолаушылар тасымалын ұйымдастыратын ірі компания – «№1 автобус паркі» ЖШС жалпы сыйымдылығы 56 адамға арналған бірінші санаттағы «Isuzu» маркалы автобустарын сатып алды. Осы аптада алғашқы 30 автобус жеткізілді. Қоғамдық көліктерде жолаушыларға ыңғайлы жағдайлар жасалған. Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың мініп-түсіне арналған аппарельмен, салқындатқышпен және тағы басқа қажетті құрал-аспаптармен жабдықталған.
Жаңа автобустар №115 және №126 бағыттар бойынша қала көшелеріне шығады. Бұған дейін аталған бағыттардың жұмысына қатысты қала тұрғындарынан шағым жиі түскен. №115 бағытта 10 автобус және №126 бағытта 16 автобус жүреді. Ал 4 автобус резервте болады. Қозғалыс аралығы екі есе қысқарып, 10 минутты құрайды.
Қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін қоғамдық көлікті жаңарту тәжірибесі басқа да автопарктерде, сондай-ақ трамвай депосында жүзеге асырылуға тиіс деген талап қойылып отыр. Павлодар трамвай басқармасы жаңадан 70 трамвай сатып алуды жоспарлап қойды.
Павлодар облысы