АСТАНА. 13 қаңтар. Португалия құрамасы мен Мадридтің «Реал» командасының шабуылшысы Криштиану Роналду осымен үшінші рет әлемнің үздік футболшысы атанып, ФИФА-ның «Алтын доп» жүлдесін алды. Бұл туралы lenta.ru хабарлады.
Жүлдеге үміткерлер қатарында Аргентина құрамасы мен Каталонияның «Барселона» командасының шабуылшысы Лионель Месси, сондай-ақ Германия құрамасы мен Мюнхеннің «Бавариясының» қақпашысы Мануэль Нойер де болған.
Дауыс беру нәтижесінде Криштиану Роналду – 37,66, Лионель Месси – 15,76, ал Мануэль Нойер 15,72 пайыз дауыс жинаған.
Германия құрамасының бас жаттықтырушысы Йоахим Лев 2014 жылдың ең үздік жаттықтырушысы атанды. Ал корольдік клубтың тағы бір ойыншысы Хамес Родригес өткен жылда соғылған ең үздік голдың авторы деп танылды.
Жалпы, дауыс беруге құрама командалардың 181 жаттықтырушысы, 182 құрама капитаны және 181 БАҚ өкілі қатысты. Марапаттау салтанаты 12 қаңтарда Швейцарияның Цюрих қаласында өтті.
Айта кетейік, өткен жылдың қорытындысы бойынша да «Алтын доп» Криштиану Роналдуға бұйырған еді. Ал оған дейін бұл жүлдені төрт жыл қатарынан Лионель Месси иеленген болатын.
Айдар Өрісбаев.
Дерек: lenta.ru.
Сурет: afp.com.
• 13 Қаңтар, 2015
Роналду үшінші рет әлемнің үздік футболшысы атанды

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше