Әлем • 15 Мамыр, 2024

«Алапат өрт»: 5 мыңға жуық адам эвакуацияланды

290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Канада елінің батыс бөлігінде 10 мың гектар аумақты шарпыған орман өрті әлі де қауіп төндіріп отыр. Ахуалды күшті жел мен қуаңшылық ушықтыра түсті, деп жазады Egemen.kz.

«Алапат өрт»: 5 мыңға жуық адам эвакуацияланды

Фото: скрин. qazaqstan.tv

Qazaqstan ұлттық арнасы хабарлағандай, өрт қаупі төнген аудандардан 5 мыңдай адам эвакуацияланған.

Орман өрті Канаданың 5 провинциясына, сондай-ақ АҚШ-тың солтүстігіне де тараған. Американың төрт штатында қара түтіннен ауаның сапасы нашарлағаны туралы дабыл қағылды.