Фото: Алматы қаласы әкімдігі
Қалалық мәслихат тұрғындардың сұранысын ескеріп, шешімдерінің жобасын жариялады.
«Бостандық ауданы Ю.Гагарин даңғылының К.Тимирязев көшесінен әл-Фараби даңғылына дейінгі бөлігіне Ермек Серкебаев даңғылы, Әуезов ауданы Юбилейная көшесіне Владимир Толоконников атын беру жоспарланған. Ескендір Хасанғалиевтің есімін Түрксіб ауданының «Жас Қанат» шағын ауданындағы атауы жоқ көшеге беру көзделді, ал Юрий Померанцевтің есімімен қаланың Бостандық ауданындағы атауы жоқ көше аталады», делінген Алматы қалалық мәслихат жобасында.
Шешім жобасы республикалық ономастика комиссиясының қарауына жіберіледі.