Білім • 15 Мамыр, 2024

Зауытта ақылы тәжірибеден өтеді

41 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттері С.Киров атындағы зауытта ақылы іс-тәжірибеден өтеді. Университет пен зауыт өнеркәсіптік технологияларды дамыту бойынша тәжірибе алмасуға, ғалымдар мен инженерлерді техникалық қайта даярлауды дамытуға мүдделі. Сонымен қатар тараптар ғылыми бағыттағы ынтымақтастықты да нығайтуға ниетті.

Зауытта ақылы тәжірибеден өтеді

Осыған орай ұйымдастырылған Физика-техникалық факульте­тінің 15 жылдығына арналған «Ғы­лым және бизнес: даму жолдары» атты дөңгелек үстел барысында ын­тымақтастық туралы мемо­рандумға қол қойылды. Уни­верситет пен «С.Киров атын­дағы зауыт» акционерлік қоғам­мен ынтымақтастық тура­лы ке­лісімге келгенінің нәти­жесінде ізденушілер ақысы төленетін тағылымдамаға қабылданатын болды.

Еуразия ұлттық университе­тінің стратегиялық даму жө­нін­дегі проректоры Ду­ман Айт­мағамбетов: «Мемо­ран­думға қол қою – ғылым, білім және өнді­ріс­тік интегра­ция саласындағы стра­тегия­лық маңыз­ды қадам. Біз ынтымақ­тастық шеңберінде бірлескен инновациялық жобаларды іске асыруды, сондай-ақ сту­дент­терді өндірістік базада тәжірибеден өткізу арқылы жоғары білікті кадрларды даярлау жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отырмыз. Меморандум ел игілігі үшін ғылым мен өн­дірістің одан әрі байланыстарын нығайтуға берік негіз қалады деп сенемін», деп атап өтті. 

Ал аталған университеттің «Радиотехника, электрони­ка және телекоммуникация­лар» ка­федрасының меңге­рушісі Қанат Маханов «RFID жүйесі үшін дөңгелек поляри­зацияланған антеннаны жобалау» жобасын жүзеге асырып жатыр. Ғалым ғылыми зерттеулерін жүзеге асыру барысында қажетті заттарын осы зауыттан сатып алады. «Біз зауыт­тан өзіміздің зерттеу жо­бамыз үшін баспа плата­ла­рын сатып алдық. Себебі олардың бұл өнімі жоба шеңбе­ріндегі талаптарға толық сәй­кес келеді. Болашақта біз өз университетімізде жобаның алғашқы нәтижелерін енгі­зу бойынша ғылыми ынтымақ­тастықты одан әрі дамытамыз», деп түсіндірді ғалым Қ.Маханов.

С.Киров атындағы зауыт­тың бас директоры Алмас Нұр­мағамбетов теміржол, мұ­най-газ, энергетика салаларын­да пайдалануға арналған 100-ден астам өнім түрі шыға­­рылатынын жеткізді. «Л.Н.Гу­милев атындағы Еуразия ұлт­тық университетімен интеграцияны нығайту біз үшін үлкен маңызға ие. Ынтымақ­тас­тығымыздың бірінші кезеңін­де ақысы төленетін тәжіри­беге қабылдауға дайынбыз. Студент­тер тегін тамақ пен жа­тын орынмен қамтамасыз етіле­тін болады. Сонымен қа­тар ынтымақ­тастығымыздың аясында Еуразия ұлттық уни­верситетінің физика-техни­калық факультетіне 5 компьютер сыйға тарттық. Алда көпте­­ген жоспар, жоба бар. Бір­лес­­кен жұмыс нәтижелі болады деп үміттенеміз», деді спикер. 

Соңғы жаңалықтар