Талбесік • 13 Мамыр, 2024

Ұрпақ сабақтастығы

36 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Таза Қазақстан» рес­публикалық эколо­гиялық акциясы аясында Алматы облысында «Өнегелі ұр­пақ» апталығы өтіп жатыр, ол экологиялық жағдайды жақсартып қана қоймай, аға буын – арда­герлерді қолдауға арналған.

Ұрпақ сабақтастығы

Акция аясында мыңнан ас­там ардагерлер мен қарт тұр­ғындардың үйлерін абаттандырып, тазарту жұмыстарына еріктілер мен жастар көмектесіп, қыруар іс тындырды. Солардың арасында Іле ауданының ақса­қалдары Сүлеймен Жұмабеков пен Владимир Удовиктің үйі­нің аумағына облыс әкімінің қатысуымен жеміс ағаштары отыр­ғызылды.

«Бірлік күні экологиялық акция аясында біз өлкемізді көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын жалғастырып жатырмыз. Аға ұрпақты құрметтеу – әр ұлт дәстүрінің ажырамас бөлігі. Біз отырғызған алма ағаш­­тары жайқалып өсіп, жазда сая­­лап, күзде дәмді жемісін кө­ру­­леріңізді тілеймін», – деп атап өтті өңір басшысы Марат Сұл­танғазиев.

Бірлік күні аймақты көгал­дандыру және абаттандыру жұ­мыстарында тұрғындар ауыз­біршілік танытып, бірлік­терін бекемдей түсті.

Айта кетейік, «Өнегелі ұрпақ» акциясына Алматы облысының 5 мың еріктісі қарттардың үй­лерін ретке келтіріп, сондай-ақ олардың аулаларына абаттандыру жұмыстарын жүргізетін болады. Аталған іс-шаралар өңір­дің барлық тұрғыны үшін жайлы және таза орта құруға бағытталған.

 

Алматы облысы 

Соңғы жаңалықтар

Алғыс арқалаған хирург

Маман • Бүгін, 10:10

Қатерлі ісікпен алысқан

Медицина • Бүгін, 09:50

Үздік отбасылық дәрігер

Медицина • Бүгін, 09:40

Марқакөлдің мейіргері

Медицина • Бүгін, 09:30