Қоғам • 13 Мамыр, 2024

Абай облысында да бір ауыл тұрғындары ішімдіктен бас тартты

838 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ішімдіктен бас тартқан - Абай облысының Абай ауданындағы Кеңгірбай би ауылы, деп хабарлайды Egemen.kz.

Абай облысында да бір ауыл тұрғындары ішімдіктен бас тартты

Алкогольден толықтай бас тартқан ауыл туралы Polisia.kz жазды.

Кеңгірбай би ауылында халық саны 1000 адамға жуықтайды. Бүгінде елді-мекенде үш азық-түлік дүкені жұмыс істейді. Спирттік сусындарға тыйым салынып қана қоймай, дүкен сөрелеріне қоюға бас тартылыпты.

Мұндай бастаманы көтерген ауыл жастары екен. Кейін оны ауыл ақсақалдары, әкімдік пен полиция қолдаған.

Айта кету керек бұл ауылда соңғы бірнеше жылда бірде-бір қылмыс тіркелмеген. Алкогольді ішімдіктен бас тартқан соң бұл үрдіс жалғасады деп сенеді ауыл тұрғындары.