Спорт • 10 Мамыр, 2024

Елдос Сметов Grand Slam турнирінің қола жүлдегері атанды

56 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дзюдодан Қазақстан командасының үздік спортшысы Елдос Сметов Астанада өтіп жатқан Grand Slam додасында қола жүлдегер атанды, деп жазады Egemen.kz Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.

Елдос Сметов Grand Slam турнирінің қола жүлдегері атанды

Фото: olympic.kz

60 келі салмақта бақ сынаған Елдос Сметов кіші финалда Әзербайжан өкілі Ахмад Юсифовті жеңді.

Осылайша, Елдос Сметов өз елімізде өтіп жатқан додада қола медаль иеленді. 

Еске салайық, қыздар арасында Ғалия Тынбаева Grand Slam турнирінің чемпионы атанды.