ҚОСТАНАЙ. 10 қаңтар. Өткен жылдың қорытындысы бойынша, Қостанай облысы республикамызда қылмыс көп жасалатын өңірлердің қатарынан көрінді. Бұл туралы ng.kz хабарлады.
Қостанай облысы қылмыстың санынан еліміздегі Алматы, Астана қалалары мен Алматы, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарынан кейінгі алтыншы орында тұр. Жыл бойына барлығы 23 845 қыдмыс тіркелген. Бұл алдыңғы жылға қарағанда 9 пайызға кем.
Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің облыстық басқармасының бөлім бастығы Ренат Зұлхайыров: «Қылмысты әр 10 000 тұрғынға шаққанда Қостанай облысы 3-ші орынға шығады. Халқының саны жағынан шамалас Ақтөбе, Павлодар және Қызылорда облыстарын басып озды», – деді. Басқарма мамандары талдау жасай келе қазіргі қылмыскердің портретін шығарған. Ол шамамен 21-29 жас аралығында, белгілі жұмыс орны жоқ, орта білімі бар, қалада тұратын азамат. 2014 жылы қылмыстық жауапкершілікке тартылған 6 875 қылмыскердің 75 пайызының жұмысы жоқ, 20 пайызы бұрын сотталған, әр үшінші қылмысты араққа тойған адам жасаған.
Ең өкініштісі, қылмыстық тергеу органдарының қылмысты жасырып қалуы әлі тиылмай келеді. Әр айда 35-ке жуық жасырып қалған қылмыстар қайта тіркеледі. Өткен жылы прокуратура қызметкерлері жасырған 211 қылмысты ашқан.
Нәзира Жәрімбетова.
Дерек: ng.kz.
Сурет: kazakhstanzsmsn.kz.
• 10 Қаңтар, 2015
Қостанай облысында қылмыстық әрекеттер азаймай тұр

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше