Қоғам • 09 Мамыр, 2024

Концлагерь тұтқынына – 1 миллион теңге

157 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Атырау облысында Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан көзі тірі майдангер қалған жоқ. Бірақ соғыс кезінде концлагерь тұтқынында болған кейуана тұрады. Ол – 93 жастағы Екатерина Абсатырова.

Концлагерь тұтқынына – 1 миллион теңге

Облыстық жұмыспен қам­туды үйлестіру және әлеу­меттік бағдарламалар басқар­ма­сының басшысы Азамат Мәмбетовтің айтуынша, Жеңіс күні қарсаңында 2 060 адамға біржолғы әлеуметтік көмек беру ұйғарылған. Бұл мақ­сатқа жергілікті бюджет­тен 218,5 миллион теңге бөлін­ген.

Е.Абсатырованың бала­лық шағы концлагерьде өткен. Өйткені оның әжесі, әке­сі мен шешесі 9 баламен Карелияға көшіп барған. Ал 1941 жылы соғыс басталғанда бәрі тұт­қынға түскен. Үш жыл­дың ішінде үш концлагерь­де болған.

1950 жылы Вагаф Абса­ты­ровқа тұрмысқа шы­ғып, 1968 жылы Атырау қала­сына көшіп келген. Күйеуі мұнай компаниясында, аза­мат­тық қорғаныс сала­сында жұмыс істеген. Өзі локо­мо­тив депосында жұмыс істеп, зейнетке шыққан. Қазір конц­лагерьдің кәмелетке толмаған тұтқыны ретінде түрлі жеңіл­дік­ті пайдаланып отыр.

«Әжейге Жеңіс күніне қар­­саңында 1 млн теңге көле­­мінде әлеуметтік көмек бе­­рі­леді. Жеңіске үлес қо­сып, түрлі марапатқа ие болған 21 тыл ардагерінің әр­қайсысына берілетін әлеу­мет­тік көмектің мөлшері – 100 мың теңге. Тылда еңбек еткенімен, ешқандай марапат алмаған 903 ардагерге 50 мың теңгеден біржолғы ақшалай көмек көрсетіледі», дейді А.Мәмбетов.

1986-1987 жылдары Черно­быль атом электр стан­са­сын­дағы апатты жоюға қатыс­қан 170 ардагерге 150 мың теңгенің әлеуметтік көмегі төленеді. Сондай-ақ басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан 965 ардагерге де осындай кө­лемде қаржылай көмек беру көзделіп отыр.

 

Атырау облысы