Қоғам • 06 Мамыр, 2024

Кәсібіне адал қаламгер

85 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Астанадағы Ұлттық акаде­мия­лық кітапханада бел­гілі қа­лам­­­­гер, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының ­лау­­­реа­ты Өріс Яшүкір­қызының шығармашылық ке­ші ө­т­ті. Кеш аясында жазушының төрт томдық жинағы таныс­­тырылды.

Кәсібіне адал қаламгер

Ө.Яшүкірқызын көзқарақты қауым ақын, жазушы, сатирик, журналист ретінде жақсы біледі. Төрт жанрды еркін меңгерген оның қай шығармасы да шынайы­лығымен, тазалығымен тартымды. Әсіресе қазақы бояуға толы кестелі тілі оқырманды жетелеп әкетеді.

Кешті ақын, Қазақстан Жазу­шылар одағы Астана қалалық филиалының директоры Дәу­лет­керей Кәпұлы жүргізді. Алды­мен жиын модераторы кеш иесіне Қазақстан Жазушылар ода­ғының басқарма төрағасы М.Құлкеновтің құттықтаухатын оқып, қаламгерге «Қазақстанның құрметті жазушысы» төсбелгісін табыс етті.

Одан кейін сөз алған жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әлібек Асқар бүгінгі қуаныш иесі Ө.Яшү­кірқызымен мемлекеттік қыз­метте бірге істеген жылдарынан естелік айтты. «Жазушылық пен мем­лекеттік қызметтің ара­сы екі бөлек. Екі әлем десе бо­лады. Өріс біздің департамент­ке газеттен келді. Еркін. Жадырап күледі. Ойын жасырмайды. Ал мемлекеттік қызметте жүр­ген­дер­дің дені ондай емес. Ешқашан пікірін айтпайды. Бүгіп жүреді. Бір күні Өрісті шақырып алып, ойыңызды ашық айта бермеңіз дедім. Оны бұл кісі елеген жоқ. Сол қалпынан өзгермеді. Мемлекеттік қызметтің ортасына кейде еркіндік те керек. Мен соны Өрістің бойынан көрдім», деді ол. Жазушы Шәрбану Бейсенова Ө.Яшүкірқызымен Астанаға келгенде алғаш танысқанын сөз етті.

«1998 жылы елордаға көшіп келгенде, Өріс «Астана ақшамы» газетінде істеді. Алғашында осын­да кім бар екен деп ойладым. Сонда алғаш танысқаным: өлке­танушы Клара Әмірқызы мен Өріс болды. Өрекеңнің газеттен әрбір мақаласын сүйсініп оқушы едім. Әсіресе «Баған басында жан­ған жігіт» туралы әлеуметтік мақа­ласы оқырмандарды дүр сіл­кін­­дірген еді. Оның жазбаларында адамгершілік, әділеттілік жағы басым болатын», деп ізгі лебізін білдірді.

Ал Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Егеухан Мұқамәдиқызы қаламгердің төрт томдығын толық оқып шыққанын айтып, автордың көр­кем сөз өнеріндегі жанкеш­ті еңбегін жоғары бағалады. Жазушы, аудармашы Камал Әлпейісова Ө.Яшүкірқызы­ның шығармашылығы туралы айта келіп: «Мен елден ерте Алматыға кетіп, туған жерімнен алыстап қалдым. Сондықтан туған еліме қызмет еткен адамдарды жақсы көремін. Өрекең Мұхит аға екеуі бұрынғы Торғай облысына барып еңбек етті. Мұхит ағаның басқаруымен Торғай өңіріндегі 31 ауылда әуежай ашылды. Содан мен де еліме қызмет еткен адамдарды айтып жүрейін, жазып жүрейін деген ішкі ой болды. Оған «Қазақ әдебиеті» газетінде жарық көр­ген Ө.Яшүкірқызы туралы мақаламда кеңірек тоқталдым», деді К. Әбілқасымқызы.

Сондай-ақ кеш барысында қаламгердің шығармашылығы мен адами келбеті жайында Жолтай Әлмашұлы, Оңдасын Елубай, Камал Әбдірахман, Толымбек Әбдірайым, Айгүл Кемелбаева секілді жазушылар парасатты ой сабақтады. Автордың төрт томдық жина­ғы­ның лентасы қиылды. Кеш соңында Ө.Яшүкірқызы жинал­ған­ қауымға ризашылығын біл­дірді.