Президент • 06 Мамыр, 2024

Мемлекет басшысы Сербия Президентімен телефон арқылы сөйлесті

154 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Сербия Президенті Александр Вучичпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Сербия Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Фото: Ақорда баспасөз қызметі

Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Вучич екіжақты ынтымақтастықты жандандыру, соның ішінде бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру және биылғы екінші жартыжылдықта Қазақстан Президентінің Белградқа сапарын ұйымдастыру мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі бірқатар өзекті мәселе жөнінде пікір алмасты.