Шымкент • 04 Мамыр, 2024

Ассамблея белсенділері марапатталды

43 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков 1 мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күніне орай тасқын судан зардап шеккен отандастарымызға гуманитарлық көмек акциясын ұйымдастыруда белсенділік танытып, жәрдемін аямаған 12 азаматты арнайы алғысхатпен марапаттады.

Ассамблея белсенділері марапатталды

Марапатқа ие болған­дардың қатарында Шым­кент қалалық ҚХА төр­ағасының орынбасары, «Наири» армян этномәдени бірлестігінің төрағасы Наира Мовсисян, «Отау-Строй» ЖШС-ның директоры Ас­лан Әлімбек, «Фиркан» ЖШС бас­шысы Ильяс Гарипов, өзбек этно­мә­дени бірлестігінің төрағасы Тахир­бек Нишанбаев, корей этно­мәдени бірлестігінің төрағасы Юрий Пан, «Барбанг» күрділерінің қауымдастығы» республикалық қоғам­дық бірлестігінің Шымкент қа­ласы бойынша филиалының төр­ағасы Исмат Сулейманов, «Kazakh­stan Distributors Centre» ЖШС-ның Шымкент қалалық филиалының менед­жері Дамир Сагдеев, «Qagaz Ordasy» ЖШС-ның директоры Қанат Әлімбаев, «Аль Абай» ЖШС басшысы Қасым Өсербаев, қалалық ас­самблея жастары ұйымының төр­ағасы Нұрболат Мейірбеков, Ұлт­тық волонтерлік фронт офисінің жетек­шісі Қайыржан Бөгенбай мен заңгер Евгений Яворский бар.

Мереке қарсаңындағы марапаттау рәсімі мегаполистегі «Достық үйінде» «Береке – бірлікте» тақыры­бындағы «дөңгелек үстел» аясында ұйымдастырылды.

Салтанатты іс-шараға қала әкі­мімен бірге мәслихат төрағасы, этномәдени бірлестіктердің жетек­шілері мен ассамблея жанын­дағы қоғамдық құры­лымдардың төрағалары, «Ama­nat» партиясы филиалының атқару­шы хатшысы, кәсі­п­керлер палатасының директоры, бірқатар кәсіпкерлер мен волонтерлер, «Ассамблея жастары» ұйымының жетекшілері қатысты.

Елге жанашыр азаматтарды ал­ғысхатпен марапаттаған қала басшысы су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек жинап, оларды жөнелтуге атсалысқан осынау жандарға өз атынан шынайы ризашылығын білдіріп, алғысын жау­дырды. «Сын сағатта халқымыздың мызғымас бірлігі айқын көрінді. Игі іске жұмылған белсенділер алыстағы ағайынға дер кезінде демеу болды», деді шаһар басшысы.

Осы орайда жоғары басшылық тарапынан «Жүректен – жүрекке» акциясы су тасқынына ұшыраған отандастарымызға гуманитарлық көмек жіберуде нағыз маңызды іс-шараға айналды. Ассамблеяның қайы­рымдылық істері жалғыз бұл емес. Талай осындай қиын апат­тық жағ­дайларда да этномәдени бір­лес­тік мүшелері жылу жинап, ағайын­дық танытқан. Сол үшін де ассамблея мүшелеріне халық дән риза. Өздерінің азаматтық ұстанымымен әрбір этнобірлестік құрамындағы кісілер Қазақстанның ортақ шаңырақ екенін, оның тұрғындары бір-біріне бөтен емес, туыс екенін баршамызға ұғындырды деген ой-пікір айтылды.

Жиын барысында су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманита­р­­­лық көмек көрсету жөніндегі қала­лық ҚХА жанынан құрылған штаб жетекшісінің орынбасары, қалалық корей этномәдени бірлестігінің төр­ағасы Юрий Пан, Шымкент қаласы бойынша Ұлттық волонтерлік фронт офисінің жетекшісі Қайыржан Бөгенбай, қалалық кәсіпкерлер пала­тасының директоры Сабира Адам­бекова сөз сөйлеп, атқарылған жұ­мыстар жайында баяндама жасады.

Осы орайда Юрий Пан бастаған корей этномәдени бірлестігінің үш аптада 120 тонна гуманитарлық көмек жинап, қарғын судан жапа шек­кен еліміздің солтүстік, батыс өңір­ле­ріне арнайы көлік керуенімен жөнелт­кенін ерекше айтып өткен жөн. Шымкенттің ерікті азаматтары да ел басына күн туған шақта қарап жатпай, қолдан келгенше гуманитарлық көмек жинауға көмектесіп, тіпті біраз адам сол апат аймағына барып,  тасқынмен күресте қол жәрдемін де көрсетіп қайтты. Ал негізгі міндеті кәсіпкерлердің құқығын қорғау болып табылатын жергілікті кәсіпкерлер палатасы да ұжым болып, қалталы кісілерді ұйымдастырып, шамалары жеткенше жәрдемдерін аяған жоқ. Жиынға қатысушылар елдің бірлігі берік болса алынбайтын қамал жоқ екенін тағы бір мәрте еске түсіргендей болды. Өйткені су тасқыны кезінде үйінен, мал-мүлкінен айырылған жандар өздерін далада қалғандай жалғыз сезінген жоқ. Мемлекет бір жағынан қолдау шараларын ұйымдастырса, қарапайым кісілер өзіндегі бар дүние-мүлкімен бөлісті. Ал жылу жинауда ең белсенді болғандардың бірі ассамблея мүшелері екенін біле жүрген абзал.

Сонымен 1 мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күніне арналған ме­рекелік басқосудың қорытынды сөзін­де қала әкімі Ғ.Сыздықбеков Мем­лекет басшысының Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясында жүктеген тапсырмаларын  жергілікті жерде нәтижелі орындау үшін жоспар әзірлеуді әрі соған сәйкес кешенді жұмыстарды жүйелеуді тапсырды.

Жиын соңында Қазақстан халқы Ассамблеясының 2024 жылғы 12 сәуірдегі №24-35-2.43 шешіміне сәйкес Қазақстан халқы Ассамблеясы құрамына жаңа­дан қабылданған мүшелерге ел Пре­зиденті ҚХА Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев­тың қолы қойылған куәліктер тапсы­рылды.