Әлем • 02 Мамыр, 2024

Ханзада Уильям қатерлі ісікке шалдыққан әйелінің жағдайы туралы айтты

66 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осы жылдың наурыз айында Кейт Миддлтон қатерлі ісікпен күресіп жатқаны белгілі болды. Сол сәттен бастап корольдік отбасы ханшайымның жағдайы туралы пікір білдірмейтін болды. Ханзада Уильям үнсіздікті бұзып, жұбайының жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz

Ханзада Уильям қатерлі ісікке шалдыққан әйелінің жағдайы туралы айтты

Фото: Getty Images

Солтүстік Англияға сапары кезінде тұрғындардың бірі ханзада Уильямнан балалары мен әйелінің хал-жағдайын сұрады.

«Бәрі жақсы, иә, рахмет. Бәрі жақсы», деп қысқа қайырды тақ мұрагері.

Бірақ тұрғындар қатерлі ісікке шалдыққан ханшайымның жағдайы туралы білгісі келген.

«Иә, бізде бәрі жақсы», деп қайталады ханзада.