Қаржы • 01 Мамыр, 2024

Қаржы нарығы жасанды интеллектіге ден қойды

49 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық банк (ҰБ) және Ұлттық төлем корпорациясы «Қазақстанның қаржы нарығындағы жасанды интеллект: қазіргі ахуалы, келешегі және реттеу тәсілдерін талдау» баяндамасын жариялады. Баяндама «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) қатысуымен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірге әзірленген.

Қаржы нарығы жасанды интеллектіге ден қойды

Фото: Inbusiness

Онда отандық қаржы нарығында жасанды интеллектіні (ЖИ) дамыту жөніндегі бірыңғай реттеу тәсілдерін талдау мен пайым сипатталған. Секторда ЖИ-ді толық көлемде енгізу үшін инфрақұрылым мен заңнамалық ортаны дамыту бойынша нақты қадамдар мен шаралар қамтылып отыр.

«Сауалнама ЖИ технологиясының әлеуетін пайдалануға қаржы нарығының дайындығын анықтау мақсатында жүргізілді. Оған қаржы нарығының 94 қатысушысы қатысты. Олар – екінші деңгейлі банктер, микроқаржы ұйымдары, сақтандыру ұйымдары, бағалы қағаздар нарығының қатысушылары және АХҚО резиденттері. Нәтижелерге сәйкес, қазір қаржы нарығына қатысушылардың 31%-ы өз қызметінде ЖИ-ді белгілі бір дәрежеде пайдаланады. Екінші деңгейлі банктер арасында ЖИ пайдаланудың максималды деңгейі – 60%. Бұл ретте респонденттердің 45%-ы ЖИ-ді 2024 жылы пайдалануды жоспарлап отырғанын атап өтті», делінген ҰБ хабарламасында.