Қоғам • 30 Сәуір, 2024

Террористік тұрғыдан осал объектілер тексеріліп жатыр

65 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ішкі істер органдары адамдар көп жиналатын объектілерді тексеруді жалғастырып жатыр. ІІМ террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын тексеруді жалғастырып келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Террористік тұрғыдан осал объектілер тексеріліп жатыр

Фото: Polisia.kz

Рolisia.kz мәліметінше, аймақтық тізімдерге террористік тұрғыдан осал санатқа 17 мыңнан астам нысан енгізілді. Жыл басталғалы бері 1 804 нысан тексерілді. Оның ішінде ойын-сауық орталықтары, ірі сауда және қоғамдық тамақтану орындары, білім беру ұйымдары бар. Тексеру нәтижесінде заңнамада белгіленген қауіпсіздік талаптарын бұзудың 581 дерегі анықталды.

Кемшіліктер алғаш рет анықталған объектілердің басшыларына және меншік иелеріне нақты уақыттың көрсетілуімен оларды жою туралы нұсқамалар берілді.

Сонымен қатар сеніп тапсырылған объектінің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды бірнеше рет бұзғандарға ӘҚБтК-нің 149-бабы бойынша 180 әкімшілік материал толтырылған, 48 млн теңге көлемінде айыппұл салынған.

«Тексерулер кемшіліктерді анықтаумен ғана шектелмейді. Полиция қызметкерлері мекеме персоналының, сондай-ақ күзет қызметінің төтенше жағдайлардағы іс-қимылдары туралы дағдыларының деңгейін анықтап, оларға сабақ өткізеді. Мұндай түсіндіру жұмыстарымен 40 мыңға жуық қызметкер қамтылды», деді ведомство өкілдері.