«Ізденген жетер мұратқа» деген осы шығар. Отандық өнертапқыш Әбдімүтәлі Дұрманов электр энергиясын өндіретін киіз үй пішіндес құрылғы ойлап тапты.
Жел мен судың және күн сәулесінің әсерімен қозғалысқа түсетін бұл «киіз үй» электр стансаларымен салыстырғанда қуатты 3 есе көп әрі 2 есе арзан бағада өндіруге мүмкіндік беретін көрінеді. Желдің бағытына қарамастан кез келген жағдайда энергия өндіре алатын артықшылығы бар қондырғыны жасау үшін автор 18 жылдан астам уақытын арнапты. Қазір ол осы жобаны ЭКСПО-2017 көрмесіне ұсынуды жоспарлап отыр. Ә.Дұрманов: «Қондырғының көлемі неғұрлым үлкен болған сайын одан алынатын электр қуаты да арта түседі. Оны кез келген жерге орнатуға болады. Шымкенттегі зауыттардың бірі қызығушылық білдіріп, «киіз үйдің» өндірістік нұсқасын жасады. Енді құралды қосалқы бөлшектермен жабдықтап, сынақтан өткізу ғана қалды. Бұған 1 млн. теңге қажет», – дейді. Өнертапқыштың айтуынша, егер мұны қолдайтын инвесторлар табылып жатса, жоба өзін өзі 1 жылға жетпей ақтайды екен. Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан».
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Бүгін, 18:50
Astana AI Film Festival: халықаралық байқауға өтінім қабылдау басталады
Мәдениет • Бүгін, 18:29
Кәсіпкер Бақытбек Дүзелбаев «Ақтөбе» клубын сатып алды
Футбол • Бүгін, 18:01
Қандай жағдайда жол ережесін бұзу «ұсақ бұзақылық» деп танылады?
Қоғам • Бүгін, 17:48
Ақсу қаласында зауыт маңынан әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:36
Ұландық үздік сарбаздар алғаш рет кіші сержант шенін алды
Әскер • Бүгін, 17:17
Астанада арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Елорда • Бүгін, 16:59
Мемлекет басшысы Грузия Президентімен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 16:42
Ауыл клубының басшысы 10 жыл бойы бюджет қаржысын жымқырған
Оқиға • Бүгін, 16:30
Елімізде жылдамдықты шектейтін учаскелер саны екі есе артады
Қоғам • Бүгін, 16:15
Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз үшін экологиялық қауіпсіздік ұзақмерзімді даму стратегиясының арқауы
Президент • Бүгін, 15:54
Ақын аманаты орындалды: Мұхтар Шаханов туған жерінің топырағына жерленді
Тұлға • Бүгін, 15:40
Жаттықтырушыларға үстемеақы беріледі: Өтінімді қалай тапсыруға болады?
Спорт • Бүгін, 15:32
Қазақстанда қар барысының саны 190-ға жетті
Қазақстан • Бүгін, 15:10
«Astana Eurasian Book Fair – 2026»: Елордада халықаралық кітап көрмесі өтіп жатыр
Елорда • Бүгін, 15:03