«Таза Қазақстан» • 26 Сәуір, 2024

Жасыл аймақ: Қызылорда «Таза Қазақстан» акциясын қолдады

361 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылордалық қоғамдық ұйымдар мен білім саласының өкілдері «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатысып, белсенділік танытты, деп жазады Egemen.kz.

Жасыл аймақ: Қызылорда «Таза Қазақстан» акциясын қолдады

Елімізде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы өтіп жатыр. Бес апта көлемінде өткізілетін экологиялық апталықтың өзіндік мәні мен мазмұнын айшықтайтын арнайы тақырыптар бекітілген.

Тиісінше, экологиялық акцияның үшінші аптасы «Жасыл аймақ» тақырыбына бағытталды.

н

Осыған орай, бүгін өңірдегі білім саласының қызметкерлері қаладағы Б.Шөкенов атындағы саябақта ағаштардың діңгегін әктеп, сол аумақты қоқыстан тазартты.

п

Одан бөлек, білім саласының қызметкерлері экологиялық акцияда түрлі іс-шараларды өткізіп, ерекше белсенділік танытты. Атап айтқанда, саябақ аумағында «Караоке баттл», «Бауырсақ party» ұйымдастырылып, түрлі бейнедегі аниматорлар тұрғындарға өнер көрсетті.

л

Аталған экоакцияға «Amanat» партиясы Қызылорда облыстық филиалының қызметкерлері, білім саласының өкілдері, Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысып, білім саласының қызметкерлерімен бірге тазалық жұмыстары мен ағаш отырғызу жұмыстарына үлес қосты.

е

Айта кетейік, «Жасыл аймақ» экологиялық апталығы аясында қала және барлық аудандарда ағаш көшеттері отырғызылып, тазалық жұмыстары жүргізіліп жатыр.

ш

щ