Қоғам • 22 Сәуір, 2024

Виртуалды Наурыз мейрамы: TikTok-та 27 мыңдай бейнеролик түсірілді

56 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

TikTok платформасы осымен екінші жыл қатарынан ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің, ҚР Туризм және спорт министрлігі мен «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясының қолдауымен #Наурыз2024 онлайн-фестивалін қорытындылады, деп жазады Egemen.kz.

Виртуалды Наурыз мейрамы: TikTok-та 27 мыңдай бейнеролик түсірілді

Нәтижесінде отандастарымыз Наурыз мейрамы қалай атап өтілетіні және оған қалай дайындалатыны туралы 27 мыңнан астам бейнебаян мен фотоконтент жасаған.

Осылайша биыл да TikTok Наурыз мейрамының құрметіне ауқымды онлайн-фестиваль ұйымдастыра отырып, еліміздің әр түкпіріндегі отандастарымызды мерекелік көңіл-күйлерімен бөлісуге шақырды.

Жоғарыда атап өткендей, бастамаға Мәдениет және ақпарат министрлігі, Туризм және спорт министрлігімен бірге «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы қолдау білдірді. Сондай-ақ жобаға суретші Ассоль сияқты танымал авторлар қолдау танытып, көңілді шығармашылық құттықтау-ролигін жолдады.

Қазақстан қалаларының мәдениеті мен тарихы туралы танымдық контенттің авторы Митя Байназаров Наурыз тарихы туралы бейнеролик жазса, домбырашы Белес баршаға әйгілі болған мерекелік әннің қалай туғаны туралы баяндап, Қазақстанның көрікті мекендерінен музыкалық бейнебаян түсірген.

Жобаға ат салысқан барша қолданушылардың арасынан ең креативті бейнероликтердің авторлары анықталды. Жеңісті орындар: контент авторы @araika_baibek Наурыз-көжеге арналған эстетикалық бейне-мәзірі; Домбыраның құлағында ойнаған @aitolkyn_toktagan, сондай-ақ Орал қаласындағы мектептердің бірінде тамаша атап өтілген Наурыз мейрамы туралы бейнероликттің авторы @umit_adilbekovna.

Жеңімпаздардың барлығы TikTok сыйлықтарына ие болады.

«Биылғы біздің бірлескен жобамыз таңқаларлық нәтижелерімен қуантты. Сол, мерекелік мазмұнның екі есеге артуы қазақстандықтардың ұлттық және мәдени құндылықтарға барынша назар аудара бастағанын көрсетеді. Оның үстіне жыл өткен сайын Наурыз мейрамының ауқымы да ұлғайып жатыр. Осы жобаға қатысқан барша отандастарыма алғыс айта отырып, жеңімпаздарды құттықтағым келеді. Алдағы уақытта да біздің жобамыздың ауқымы бұрынғыдан да кеңейе түседі деп ойлаймын. Өйткені құндылықтарымыздың бағасы мен мәнін азаматтарымыздың ортасында ғана емес, сонымен қатар шетелдік аудитория арасында насихаттау жұмыстары осылай жүреді», дейді «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының Басқарма төрағасы Қайрат Сәдуақасов.

«Біз кезекті рет Қазақстандағы TikTok қауымдастығына өздерінің сүйікті мейрамын тек отбасы мен жақындарының ортасында ғана емес, сонымен бірге платформаның мыңдаған қолданушыларымен бірге атап өтуге мүмкіндік бергенімізге қуаныштымыз. Биыл қолданушылардың өздерінің төл мәдениетіне деген қызығушылықтары артқанын байқадық: биыл олар өткен жылғы Наурыз мерекесіне қарағанда екі есеге көп контент құрды. Демек, бұл – бұрынғыдан да мол күлкі, дастархан дәмі, музыкалар, көтеріңкі көңіл-күй мен биге қоса, TikTok-ты толтырған қарапайым ғана бақытты сәттер», дейді TikTok-тың Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы операциялық бөлімінің басшысы Екатерина Блинец.