Оқиға • 22 Сәуір, 2024

Жаңаөзенде көлік аударылып, екі адам көз жұмды

1060 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қайғылы оқиға Жаңаөзен қаласындағы тас жолда болды. Алдын ала болжам бойынша, көлік жолдан шығып, аударылып кеткен. Апат салдарынан екі адам алған жарақаттарынан көз жұмды, тағы бір адам Жаңаөзен ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңаөзенде көлік аударылып, екі адам көз жұмды

фото: әлеуметтік желіден алынды

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, жедел жәрдемге қоңырау кеше, 21 сәуір күні сағат 17:43-те түскен.

«Оқиға орнына екі жедел жәрдем бригадасы шақырылды. Зардап шеккен бір адам Жаңаөзен ауруханасына жатқызылды. Өкінішке қарай, апат салдарынан екі адам көз жұмды. Олардың бірі оқиға орнында, екіншісі жедел жәрдем көлігінде жан тапсырды», деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.