АСТАНА. 5 қаңтар. Еліміз бойынша 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы төлемдері 9 пайызға көбейді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. «2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңда көрсетілгендей, 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап ең аз зейнетақы мөлшері 23 692 теңге болып белгіленді. Еске сала кетейік, 2014 жылы ең аз зейнетақы көлемі 20 782 теңгені құраған-ды. Ал мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшері 2015 жылғы 1 қаңтардан 11 182 теңгеге дейін ұлғайды. 2014 жылы мемлекеттік базалық зейнетақылық төлем мөлшері 9 983 теңге болған. Бұл зейнетақының ең төменгі мөлшері 34 874 (23 692 + 11 182) теңгеге өскенін білдіреді. Еліміздегі зейнеткерлердің саны 1,9 миллионнан асып жығылады. Өткен жылы ең жоғары зейнетақы мөлшері 67 399 теңге болса, енді 73 257 теңгеге артты. Оның орташа мөлшері 45 633 теңгеден 49 532 теңгеге көтерілді. Сондай-ақ, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшері де 7 пайызға өсті. Елімізде жәрдемақы алушылар саны 600 мыңнан астам адамды құрайды. Жолдыбай Базар. Дерек: egemen.kz. Сурет: news.nur.kz.
Әл-Фараби даңғылында жол ережесін өрескел бұзғандар ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 14:29
Жерде магниттік дауыл басталды
Оқиға • Бүгін, 14:06
Теміржолшыларға баспана: «ҚТЖ» мен «Отбасы банк» жаңа жобаны іске қосты
Қоғам • Бүгін, 13:32
Елордада 17 адамды «қажылыққа жіберемін» деп алдаған алаяқ жазаланды
Оқиға • Бүгін, 13:09
Бітімгерлердің БҰҰ миссиясына дайындығы тексерілді
Қоғам • Бүгін, 12:48
Түркияда мектепке шабуыл жасамақ болған топ ұсталды
Әлем • Бүгін, 12:32
Соңғы үш айда құқықбұзушылық саны 15,1 пайызға азайды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:10
Ұлттық кітап күніне орай өңірлерде қандай іс-шаралар өтеді?
Қоғам • Бүгін, 11:58
Қарағанды облысында жол апатынан екі адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 11:38
SMS-бластер мен дипфейк: Бас прокуратура 18 жаңа киберқауіпті анықтады
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:22
2050 жылға қарай елімізде кемінде үш АЭС салынады
Энергетика • Бүгін, 11:00
АҚШ Ресей мұнайына қатысты санкциялық жеңілдіктерді 16 мамырға дейін ұзартты
Әлем • Бүгін, 10:41
Үсік жүріп, дауыл тұрады: 18 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 10:21