ӨСКЕМЕН. 1 қаңтар. Шығыс Қазақстан облысы басшылығының ұйытқы болуымен Өскемендегі «Фрэш маркет» фермерлік гастрономының жанында Тарбағатай ауданының азық-түлік жәрмеңкесі өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Мал шаруашылығымен әйгілі тарбағатайлықтар жәрмеңкеге 47 бас ірі қара, 83 бас қой, 1 түйенің етін әкелген екен. Сондай-ақ, Зайсан көлінен Тұғыл ауылының тұрғындары аулаған бір жарым тонна балық жеткізілді. Оның сыртында 50 литр қымыз, 50 килодан астам сары май, құрт-ірімшік, айран сияқты сүт өнімдері де сөреге қойылды. Айта кеткен абзал, жәрмеңкедегі азық-түлік базар нарқына қарағанда 30-40 пайызға дейінгі төмен бағамен сатылды.
– Жәрмеңкеде сиыр еті 700 теңгеден сатылып жатыр. Базарда 1200-1300 теңгеге сатылатынын ескерсек, бұл әжептәуір төмен баға. Қымыздың литрі 300 теңгеден сатылды. Базарда кем дегенде 600 теңгеден бағаланады. Сондықтан, мұнда барлық тауарды халық бірден сатып алып кетті, – дейді қала тұрғыны Надежда Васильевна.
Шынында, таң атпай жәрмеңкеге ағылған жұрттың қарасы қалың еді. Түс ауа фермерлер барлық өнімдерін сатып болғандарын айтты.
– Бүгінгі жәрмеңкеде 22 миллион теңгенің өнімі сатылды. Оған 17 ауылдық округ пен 54 шаруа қожалығы қатысты, – деді Тарбағатай ауданының әкімі Ділдәбек Оразбаев.
Думан Анаш.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: Altaynews.kz.
• 01 Қаңтар, 2015
Өскеменде жаңа жыл мерекесіне орай жәрмеңке ұйымдастырылды

Әл-Фараби даңғылында жол ережесін өрескел бұзғандар ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 14:29
Жерде магниттік дауыл басталды
Оқиға • Бүгін, 14:06
Теміржолшыларға баспана: «ҚТЖ» мен «Отбасы банк» жаңа жобаны іске қосты
Қоғам • Бүгін, 13:32
Елордада 17 адамды «қажылыққа жіберемін» деп алдаған алаяқ жазаланды
Оқиға • Бүгін, 13:09
Бітімгерлердің БҰҰ миссиясына дайындығы тексерілді
Қоғам • Бүгін, 12:48
Түркияда мектепке шабуыл жасамақ болған топ ұсталды
Әлем • Бүгін, 12:32
Соңғы үш айда құқықбұзушылық саны 15,1 пайызға азайды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:10
Ұлттық кітап күніне орай өңірлерде қандай іс-шаралар өтеді?
Қоғам • Бүгін, 11:58
Қарағанды облысында жол апатынан екі адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 11:38
SMS-бластер мен дипфейк: Бас прокуратура 18 жаңа киберқауіпті анықтады
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:22
2050 жылға қарай елімізде кемінде үш АЭС салынады
Энергетика • Бүгін, 11:00
АҚШ Ресей мұнайына қатысты санкциялық жеңілдіктерді 16 мамырға дейін ұзартты
Әлем • Бүгін, 10:41
Үсік жүріп, дауыл тұрады: 18 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 10:21