Оқиға • 16 Сәуір, 2024

Ақтау тұрғынын өлтіріп, пәтерін өртемек болған күдікті ұсталды

72 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтау қаласында кісі өлтіру фактісі тіркелді. Өрт туралы хабарлама алған ТЖД қызметкерлері жанып жатқан пәтерге кіріп, әйел адамның мәйітін тауып алған. Полиция оқиға бойынша түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Ақтау тұрғынын өлтіріп, пәтерін өртемек болған күдікті ұсталды

Фото: lada.kz

Жергілікті БАҚ таратқан ақпаратқа сәйкес, оқиға 16 сәуірге қараған түні болған. 1972 жылғы марқұм әйелдің есімі - Парахат. Ол 14 шағын аудандағы 9 қабатты үйдің 2-ші қабатында тұрған. Құтқарушыларды көршілердің бірі шақырған. 

Анықталғандай, полиция қызметкерлері келіншекті өлтірген күдіктіні сол үйдің 9-қабатында ұстаған. Ол марқұммен бірге бір пәтерде тұрған ер адам болып шықты.

Куәгерлер ұсталған ер адам Парахатты өлтіріп, кейін пәтерді өртеп жіберуге әрекеттенгенін бірауыздан айтып отыр.

Айта кетсек, полиция департаменті бұл оқиғаға байланысты әлі толық түсініктеме бермеген.

«Кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Өзге ақпарат жариялауға жатпайды», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.