Қоғам • 15 Сәуір, 2024

8 облыста төтенше жағдай режимі сақталып тұр

73 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Орталық басқару орталығында өткен брифинг барысында ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш облыстағы су тасқынына қатысты жағдай туралы ақпарат ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

8 облыста төтенше жағдай режимі сақталып тұр

Фото: primeminister.kz

Спикердің айтуынша, су тасқыны басталғалы бері 111 мыңнан астам адам құтқарылды. Оның 39 мыңы - балалар.

«Уақытша орналастыру пункттерінде 6814 адам, оның ішінде 2995 бала бар, 11 950 адам үйге оралды. 9 млн 50 мың текше метрден астам еріген су сорылып, 2 млн 200 мың қапшық, сондай-ақ 1 млн 200 мың инертті материал төселді», деді Ерасыл Сайпаш.

Ол құтқару жұмыстарына 33 334 адам мен 4 066 техника жұмылдырылғанын атап өтті.

«Қазіргі уақытта бес облыста 5411 тұрғын үй, 1607 аула және 2035 үй су астында қалып отыр. 2500 тұрғын үй мен 2157 аула аумағынан су сорылды. Еліміздің сегіз өңірінде жергілікті ауқымдағы 36 ТЖ әрекет етеді. Бұл Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Атырау, Солтүстік Қазақстан, сондай-ақ Ұлытау облыстары», деп қосты қатысқандар.

Сондай-ақ Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды аса сақ болуға, су тасқыны кезеңінде барлық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға және эвакуациялау пункттерінен тиісті рұқсатсыз шықпауға шақырды.