Экономика • 13 Сәуір, 2023

Қазақстан Армениямен экономикалық байланыстарды дамытуға басымдық береді

8 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бұл туралы Мемлекет басшысы «Арменпресс» ақпарат агенттігіне берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстан Армениямен экономикалық байланыстарды дамытуға басымдық береді

фото: kapital.kz

ҚР Президентіне «армян-қазақ ынтымақтастығының болашағын қалай көресіз? Сіз өзара іс-қимылдың қандай басым бағыттарын бөліп көрсетер едіңіз және экономикалық ынтымақтастық туралы не айтасыз?», деген сұра қойылды. 

Қасым-Жомарт Тоқаев әртүрлі салалардағы өзара іс-қимылды одан әрі тереңдету үшін үлкен әлеует бар екенін атап өтті.

Армения Республикасының әлеуметтік-экономикалық жетістіктері бізді қуантады. Сіздің еліңіз ЕАЭО елдері арасында дамудың жоғары қарқынын қамтамасыз ете отырып, экономиканың барлық негізгі секторлары бойынша көрнекі нәтижелерге қол жеткізуде. Бұған дәлел-былтырғы жылы Арменияның ЖІӨ-нің инфляцияның ең төменгі деңгейімен 8,7% - ға өсуі, деді ҚР Президенті. 

Осыған байланысты Қазақстан экономикалық байланыстарды одан әрі жан-жақты дамытуға басымдық беретінін атап өтті. 

Бүгінгі таңда біздің еліміз экспортты ұлғайтуға дайын. Жалпы сомасы 350 млн долларға шикізаттық және дайын ассортименттегі тауарлардың 70 атауы. Бұл металлургия, мұнай-химия, тамақ өнеркәсібі, құрылыс және ауылшаруашылық салаларының өнімдері. 2011 жылға дейін бидай Арменияға қазақ экспортының жетекші баптарының бірі болғанын ескерсек, Арменияның ірі сауда желілеріне бидай мен басқа да азық-түлік өнімдерін жеткізуді қайта бастау маңызды деп санаймын. Менің ойымша, армян серіктестерінде де осындай ұсыныстар бар.Өнеркәсіптік кооперация да перспективалы болып табылады. Біз үшін елдерімізді байланыстыратын бірлескен жобалар құру маңызды, деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуынша екі ел арасындағы инвестициялық ынтымақтастық қарқынды даму мен ілгерілеуді қажет етеді. Бүгінде Қазақстанда қолайлы инвестициялық ахуал қалыптасқан. Шетелдік инвестицияларды қолдау үшін барлық қажетті құралдар жасалды.

Сондай-ақ цифрландыру саласында үлкен мүмкіндіктерді атап өтеміз. Қазақстан Еуразиялық кеңістіктегі ірі цифрлық хабтардың біріне айналдыру бойынша мақсатты саясат жүргізуде. Тек соңғы 3 жылда біздің it-қызметтеріміздің экспорты 3 есеге өсіп, 500 млн долларға жетті. 2026 жылға қарай ол кем дегенде 1 миллиард долларға жетуі керек.Экономикалық ынтымақтастықты тереңдетудің маңызды факторы - біздің елдеріміз арасында рентабельді және жылдам жерүсті логистикасын қалыптастыру. Әуе қатынасын кеңейту бизнес пен Азаматтарға ұтқырлық береді, туристік салада жаңа мүмкіндіктер ашады.Мен атаған барлық салалар экономикалық өзара іс-қимылдың құрамдас бөлігі болуға тиіс. Жоғары мультипликативті әсерге ие бола отырып, олар басқа байланысты салалардың дамуына ықпал етеді.Сіздің сұрағыңызға тікелей жауап бере отырып, біздің қарым-қатынасымыздың болашағын қабылданған екіжақты міндеттемелерді мүлтіксіз сақтауда және шарттық-құқықтық базаны кеңейтуде, халықтарымыз арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуда, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы байланыстарды тереңдету деп көремін, деді Мемлекет басшысы.