Қоғам • 11 Сәуір, 2024

Димаш Құдайберген Құлсарыға барып, зардап шеккендерді қолдады

251 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Танымал әнші Димаш Құдайберген су тасқынынан зардап шеккен Құлсары тұрғындарымен жүздесіп, оларға қолдау көрсетті, деп жазады Egemen.kz.

Димаш Құдайберген Құлсарыға барып, зардап шеккендерді қолдады

Фото: видеоскрин

«Осындай қиын сәтте бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, бір-бірімізге көмек көрсетіп жүруге жазсын. Ең бастысы еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Қазір бізге бірлік керек. Сабыр сақтау керек. Құдайдан үлкен үміт пен жақсылық тілейік», деді Димаш. 

Құлсары тұрғындары әншінің жанашырлығына риза болып, алғыстарын айтты. Ал Димаш өз кезегінде жылы сөздері мен тілегін арнады.

«Мемлекет тарапынан көмек көрсетілетінін жаңалықтардан оқып жатырмын, мен де Президентімізге сіздермен бірге сеніп отырмын. Бүгін осы жерге келуімізге осындай жағдай себеп болса, алдағы уақытта тек қуанышты сәттерде кездесе берейік», деді Димаш Құдайберген.

Соңғы жаңалықтар

Үздік балуандар анықталды

Күрес • Бүгін, 10:40

Дауыстық ЖИ

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:35

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 10:30

Ауа батареясы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:25

Ақылды жүйе

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:20

Әзизаның дебюті

Өнер • Бүгін, 10:10

Ауыл балаларының қуанышы

Аймақтар • Бүгін, 09:45

Бар ізгілік – білімде

Қоғам • Бүгін, 09:40

Сөзге салынған шынжыр кісен

Әдебиет • Бүгін, 09:35

Жүрек тулатқан жырлар

Руханият • Бүгін, 09:30