Ауа райы • 05 Сәуір, 2024

Жаңбыр жауып, жел соғады: демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы

61 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» синоптиктері алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жаңбыр жауып, жел соғады: демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы

Фото: yandex.kz

Мамандардың болжамына қарағанда, еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі.
«Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты елдің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы болады, жаңбыр жауады. 6-8 сәуірде солтүстік-батыста, 8 сәуірде солтүстікте жауын-шашын жауып, жел күшейеді», делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

6 сәуірде Батыс Қазақстан, Түркістан және Жамбыл облыстарында, 6-7 сәуірде Алматы облысында, 8 сәуірде Ұлытау және Қарағанды облыстарында қатты жаңбыр жауады деп болжанып отыр.