Қоғам • 05 Сәуір, 2024

Желіде Айжан Аймағанованың фейк-парақшасы ашылды. Прокуратура мәлімдеме жасады

110 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласының прокуратурасы Instagram әлеуметтік желісінде «aijan.aimaganova» атты жалған парақша анықталғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Желіде Айжан Аймағанованың фейк-парақшасы ашылды. Прокуратура мәлімдеме жасады

Фото: gov.kz

Еске салайық, Айжан Аймағанова - Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық істі жүргізіп жатқан мемлекеттік айыптаушы.

Бүгінде фейк-парақшаға жазылған қолданушылар саны 15 000 мыңнан асты.

Аталған парақшада сот процесі видеоларының үзінділері мен прокурордың жеке суреттері жарияланған.

«Құрметті әлеуметтік желі қолданушылары, бұл парақшаның Айжан Аймағановаға еш қатысы жоқ екенін хабарлаймыз. Азаматтардан сенімді ақпарат көздеріне ғана сенуді сұраймыз», делінген прокуратура мәлімдемесінде.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қанша ер мұғалім бар?

Қазақстан • Бүгін, 10:10

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024