Оқиға • 03 Сәуір, 2024

2019 жылы апатқа ұшыраған «Bek Air» ұшағына қатысты тергеу аяқталды

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда 2019 жылдың 27 желтоқсанында «Fokker-100» «Bek Air» ұшағының апатқа ұшырауына қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталды, деп жазады Egemen.kz.

2019 жылы апатқа ұшыраған «Bek Air» ұшағына қатысты тергеу аяқталды

Бұл туралы Көліктегі полиция департаменті хабарлады.

Апатты оқиғаны тергеу барысында 4 мыңнан астам тергеу әрекеті жүргізілген. Оның ішінде 2000 тексеру, 1350 жауап алу, 250 алу, 150 сот-медициналық сараптама және арнайы зерттеу жасалған.

«Халықаралық ынтымақтастық шеңберінде прокуратура ҚР Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Бельгия, Германия, Люксембург, Нидерланды және тағы басқа шет мемлекеттерге халықаралық құқықтық көмек көрсету туралы өтініш беріліп, іс үшін маңызы бар қажетті құқықтық-техникалық ақпарат алынды», делінген Көліктегі полиция департаменті таратқан хабарламада.

Қазіргі уақытта процеске қатысушылар сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарымен танысып жатыр.